• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:35:57
Алматы
+35°

Кофе – сұранысқа ие сусындардың бірегейі. Су мен шайдан кейін ең көп ішілетін сусын. Бүгінгі Халықаралық кофе күніне орай кофеның тарихы, пайдасы мен зияны туралы шағын ақпарат ұсынамыз.

Кофе мұнайдан кейінгі ең көп сатылатын өнім. Жылына шамамен жарты триллион шынаяқ кофе ішіледі екен. Кофе кей сусындарға (мысалы Кола) кофеин ретінде, фармацевтикалық препараттарда, косметикада және т.б салаларда қолданылады.

Кофе тарихы

Кофенің сергітетін әсерін алғаш эфиопиялықтар байқаған делінеді. Алайда оған нақты дәлел жоқ. Тараған аңызға сай, XIV ғасырға дейін Эфиопияда кофе ағашы жабайы түрде өскен. Эфиопиялықтар кофені Мысыр мен Йеменге апартып, артынша тұтас Таяу Шығыс сергіткіш дәм жайлы біле бастады делінеді. XVI ғасырда кофе Осман империясында етек жаяды. Адамдар біртіндеп кофеханаларда кофе ішіп, әңгімелесуді, шахмат және нарды ойнауды, елдегі жаңалықтарды талқылауды әдетке айналдырады. Аңыздарға сүйенсек, XVI ғасырда Араб кофе ағашын Оңтүстік Үндістанға жасырын түрде алып келіп, өсіре бастаған. XVIІ ғасырда голландиялық саудагерлер ол жерден кофені жасырын түрде Ява мен Суматра аралдарына жеткізіп, өсіре бастайды. Осылайша, кофе бүкіл әлемге танылған.

Кофенің танымал түрлерінің дайындалу әдістері

Американо Эспрессоға ыстық су қосу арқылы дайындалады. 100-120 мл суға 14-16 г ұнтақталған кофе дәндерін ерітеді. Артынан 1:1 қатынасында сумен араластырады. Демек ол Эспрессо сияқты қою болмайды.

Танымал Капучино кофесі былай әзірленеді. Оның 1/3 бөлігі эспрессо, 1/3 бөлігі ыстық сүт, 1/3 бөлігі сүт көбігінен тұрады. Капучиноның әдеттегі көлемі – 150 мл. Бұл кофе Италияда тек таңертеңгі сусын болып саналады.

Кофенің Латте деген түріне 1 бөлік эспрессо мен 3 бөлік сүт қосылады. Әдетте үстінде кішкене сүт көбігі болады. Бір қызығы Латтены жасағанда кофе мен сүтті қабаттап құйып, араластырмайды. Бұл – ең калориялы кофе түрі.

Мокко кофесі 1/3 бөлік эспрессо, 1/3 бөлік ыстық шоколадтан тұрады. Какаоның әсерінен құрамындағы кофеин шамасы көбірек болады. Сондықтан Мокконы қатты шаршап тұрғанда ішкен жақсы.

Макиато кофесінде эспрессо мен сүт бірдей қатынаста болады, яғни 1:1. Сүтті әдетте көбіктендіріп құяды.

Эспрессоға кілегей қосылады және үгітілген шоколад себіледі.

Ғалымдар кофенің сергітетін әсерінен бөлек пайдасы мен зияны қатар жүретінні айтады.

Пайдасы:

  1. Сергітеді және жұмыс өнімділігін арттырады;
  2. Жаттығудан кейінгі бұлшық ет ауруын басады;
  3. Күйзелістен құтқаратын әсері бар;
  4. Бауыр, асқазан ауруларының алдын алуға көмектеседі;
  5. Диабет, Альцгеймер мен Паркинсон ауруларына шалдығудан сақтайды.

Зияны:

  1. Ұйқысыздыққа шалдықтырады;
  2. Кофе дәрі қабылдап жүргенде кері әсер етуі мүмкін;
  3. Ана болу мүмкіндігін азайтады;
  4. Кофе көп ішетін адам тәттіге үйірсек болады;
  5. Кофе түсік тастау қаупін арттырады;
  6. Қан қысымын көтереді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір