• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:30:03
Алматы
+35°

ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекара жабылатыны туралы ақпаратты теріске шығарды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жабылуы туралы ақпарат таралып жатыр. Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз" делінген хабарламада.

ҰҚК мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылып жатқанын, Ресей тарапынан өткізу пункттерінің жабылуы жөнінде ресми ақпарат хабарланбағанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір