21 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизациялау (мемлекеттік қарулы күштерді бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
"Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы ұсынысын қолдау қажет деп санаймын" деді Путин.
Путин мобилизациялау 21 қыркүйектен, яғни бүгіннен басталатынын мәлім өтті.
Әскери қызметке қарулы күштер қатарында қызмет еткен, әскери операцияларға қатысқан тәжірибесі бар азаматтар шақырылмақ.
Биылғы 24 ақпанда Украинаға басып кірген Ресей әскері қыркүйек айынан бері шегініп келеді. Ресми Кремль соғыста 5937 сарбазын жоғалтқанын айтады. Украина деректерінде бұл мәлімет әлдеқайда көп. Алайда соғыс тек ұрыс даласында ғана емес, ақпарат айдынында да жүріп жатқандықтан қос тараптың мәліметін тәуелсіз тексеру қиын. Десе де Ресей әскерге қосымша адам тарта бастағанына қарағанда соғысатын жауынгер тапшы болып отырған болуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір