• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:19:06
Алматы
+35°

Алматыда "Қазпоштаның" 100-ге жуық қызметкері наразылыққа шықты, деп хабарлады журналист Михаил Козачков Telegram парақшасында.

Бастамашы топ Алматыдағы "Қазпошта" филиалдарының бірінің алдына жиналған.

"Бүгін "Қазпошта" қызметкерлері ереуілге шықты. Олар жалақыны көтеруін талап етіп отыр (бүгінде олар қолына 80-90 мың теңге, ал пошташылар 40 мың теңгеден аз алады)", деп жазды Михаил Козачков. 

Алматыға "Қазпошта" басқарма төрағасы Серік Саудабаев ұшып келгені хабарланды. Ол жұмысшылармен келіссөз жүргізбек.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған жалақы мөлшері туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. 40 мың теңге көлеміндегі төлемді 0,3 ставкамен, яғни толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін 4 пошташы ғана алады. 0,3 ставка бойынша жұмыс уақыты айына 24 сағатты құрайды (толық мөлшерлеме нормасымен – 176 сағат). Қазіргі уақытта "Қазпошта" АҚ-да жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейтін қызметкерлердің саны (0,4, 0,5, 0,6, 0,7, 0,8 және 0,9) 47 адамды құрайды" деді "Қазпошта" өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір