• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:45:07
Алматы
+35°

Ресей президенті Владимир Путинді отанға опасыздық жасады деп айыптап, оның отставкасын талап еткен Санкт-Петербур муниципалының депутаттар тобына биліктің беделін түсірді деген айыппен айыппұл салынып жатыр. Бұл туралы "Сетевые Свободы" құқыққорғау жобасы хабарлады.

Санкт-Петербергтың Смольнинск соты бес депутатқа жалпы сомасы 225 мың рубль (15 қыркүйектегі рубль курсы бойынша 1 млн 786 мың теңге) көлемінде айыппұл салған. Атап айтқанда Дмитрий Палюгке 47 мың рубль, Никитуа Юферевке 46 мың рубль, Анна Киселева, Иван Чеботар және Дмитрий Балтруковке 44 мың рубль айыппұл салған.

Депутаттар сот шешіміне шағым түсіретінін мәлім етті.

7 қыркүйекте Санкт-Петербургке қарасты Смольнинское муниципалдық округінің депутаттар кеңесі Путинді мемлекетке опасыздық жасады деп тауып, қызметінен шеттетуге шақырған.

Ал 12 қыркүйек күні Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Колпино қаласының 18 муниципалдық депутаты Путиннің әрекеті Ресей болашағы мен азаматтарына зиянын тигізетіңнін айтып, оның отставкасын талап еткен.

Алайда қалалық деңгейдегі депутаттардың үндеуіне мемлекеттік дума еш реакция танытқан жоқ, керісінше, бастамашыл депутаттарды полиция біртіндеп шақырып жатыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір