• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:19:56
Алматы
+35°

Украиналық шенеуніктер Ресейге қарсы шабуылда бірқатар жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін Донбасстың шығысындағы қалаларды нысанаға алғанын хабарлады. Соңғы күндері украин армиясы басып алынған аумақтың бір бөлігін азат етіп, Ресей әскерін шегінуге мәжбүрлеген.

Президент Владимир Зеленский Украина күштері Харьков облысындағы 8000 шаршы шақырымнан астам жаулап алынған аумақта өз позициясын нығайтатынын айтты.

АҚШ президенті Джо Байден Украинаның соңы күндердегі жетістігін елеулі деп бағалады.

Ресей әлі күнге дейін Украина аумағының бестен бір бөлігін бақылап отырғанына қарамастан, соғыстың басында Ресей қолына өткен Донбасс аймағының қалалары қазір Киев күштері шабуылының астында қалғалы тұр.

Ресей енді бар күшін Украинаға басып кіргенге дейін ресейшіл сепаратистердің бақылауында болған Донбассқа салып отыр.

Луганск облысы Украин тарапының басшысы Сергей Гайдай украин күштері облыстағы стратегиялық маңызы бар Лиман қаласына жеткенін мәлімдеді.

Сергей Гайдай Telegram-дағы парақшасында "қазір Лиманда қызу ұрыс жүріп жатыр, менің ойымша, бұл тағы бірнеше күнге созылады" деп жазды.

Лиман мамыр айының соңында орыс әскерлерінің қолына өткен. Ол сепаратистік Донецк Халық Республикасының астанасы Донецк қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан.

Дереккөз: ВВС

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина Ресей Лиман

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір