• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:13:48
Алматы
+12°

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының атауын өзгертуге байланысты пікір білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің facebook парақшасы арқылы хабарлады. 

"Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", делінген хабарламада. 
 
Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір