• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:14:08
Алматы
+12°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдегі банкир, оппозициялық саясаткер, Қазақстан халықаралық іздеу жариялаған Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы елге қайтарылды.

Ведомство мәліметінше, "БТА-Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде болған "Жаңа Қалқаман" ЖШС-нің директоры Пак Виталий Леонидович өз еркімен елге оралған.

"2006-2008 жылдар аралығында аталған компанияға заңсыз несие беру арқылы Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары 8,9 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырған", - делінген хабарламада.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында болғаны анықталды.

"Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады. Биыл 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды" деп толықтырды водомство өкілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір