• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:43:39
Алматы
+35°
Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және Колпино қаласының 18 муниципалдық депутаты президент Владимир Путиннің отставкасын талап етіп, жария үндеу тастады. Үндеуді Петербургке қарасты "Семеновский" муниципалдық округының депутаты Ксения Торстрем Twitter-де жариялады, деп жазады немістің  Deutsche Welle басылымы.
 
Торстрем өзге муниципалдық депутаттарды үндеуге қосылуға шақырған.
 
"Біз, Ресейдің муниципалдық депутаттары, президент В.В.Путиннің әрекеті Ресей болашағы мен азаматтарына зиянын тигізеді деп санаймыз, сондықтан Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті лауазымынан кетуі талап етеміз" делінген үндеу мәтінінде.
 
Осыған ұқсас үндеу өткен аптада да жасалған. 7 қыркүйекте Санкт-Петербургке қарасты Смольнинское муниципалдық округінің депутаттар кеңесі Мемлекеттік думаға үндеу тастаған. Ол жерде Путинді мемлекетке опасыздық жасады деп тауып, қызметінен шеттетуге шақырған.
 
8 қыркүйекте бастаманы қолдаған депутаттардың бірі өздерін полиция шақырып жатқанын хабарлаған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Путин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір