• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:07:37
Алматы
+35°

Ұлыбритания королевасы Елизавета II өмірден өтуіне байланысты Ұлыбритания мен серіктес 50 елде аза тұту басталды. Отаны королеваны 10 күн бойы жоқтамақ. Ел тарихында билікте ең ұзақ отырған монарх ретінде қалған королеваның тұлғасы мен өмірі көпшілікке қызық.

Елизавета ІІ, толық аты Елизавета Александра Мэри Виндзор 1926 жылы 21 сәуірде Лондондағы Йорк герцогінің жанұясында дүниеге келіп, Еуропа ақсүйектеріне тән өмір салтымен үйде оқытылған. Жасынан ілім-білімге құмар болған ол кәдуілгі мектеп бағдарламасымен қатар арнайылап оқытылған экономика негіздері, заң, конституциялық құқық пәндерінен де үнемі бес деген баға алған. Атқа отыру, би, музыка, сарай әдебі сабақтарында да озаттығымен көзге түскен. Француз тіліне деген іңкәрлігі оны өз бетінше үйреніп алуына жетелеген.

1936 жылы әкесі VI Георг таққа отырысымен отбасымен Букингем сарайына қоныс аударады. Мұнан соң Итон колледжінде конституция тарихынан дәріс алып, білімін шыңдайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы жылында әскери форма киіп, Әйелдердің қосалқы аумақты корпусына қосылып, үш апта механика негіздері мен жүк көлігін жүргізуді үйренген. 

 

Елизавета өмірінде орын алған келесі айтулы оқиға – оның тұрмыс құруы. Ол 1947 жылы өзінің алыс туысы грек ханзадасы Филиппен отау құрады. Ғашықтар 1939 жылы Филипп Дортмундтағы әскери теңіз училищесінде оқып жүргеннен таныс болған. 9 жыл хат-хабар алмасып, ақыры отбасын құрады.

1952 жылы 6 ақпанда әкесі өкпе рагынан қайтыс болғаннан соң Елизавета 25 жасында таққаотырады. 1953 жылдың 2 маусымында ресми түрде тәж киген Елизавета Ұлыбританиямен қатар Солтүстік Ирландия, Аустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Жаңа Гвинея сияқты көптеген елдердің ханшайымы болады. Оның тәж кию рәсімін тікелей транслияция арқылы 27 млн адам тамашалаған.

Королева Елизавета II – биография, фото, семья, правление, муж и дети, рост  и вес 2022 | Узнай Всё

Елизавета ІІ қалыптасқан үрдіс бойынша ел басқару ісіне, оның экономикалық саясатына араласпады. Оның міндетіне халықаралық шараларда Ұлыбритания атынан өкілдік ету, елдегі монархияның беделін арттыруға атсалысу кірді. Өзінің тұсындағы барлық үкімет басшыларымен жақсы қарым-қа­тынаста болған. Саяси өмірден жырақ, саяси ұстанымын білдірмейтіндігіне қарамастан көптеген саясаттанушылар онымен түрлі мәселе бойынша кеңесіп отырған.

Патшайымның британиялықтар арасында да беделі жоғары болған. Алайда империалистік көзқарастағылар Елизавета ІІ билігін Британия тари­хындағы ең сәтсіз кезеңге балайды. Өйткені оның тұсында Оңтүстік Африка мен Цейлон (Шри-Ланка) империядан азаттық алып, тәуелсз ел атанған болатын.

Патшайымның әр күні минутына дейін алдын ала жазылып қойылған еді. Оның таңсәріде істейтін алғашқы ісі – британиялық күнделікті басылымдарды парақтау болған. Жаңалық пен оқиғаларға көз жүгіртіп болған соң, Букингем сарайына келіп түскен хаттардың маңызды дегендерімен танысып, соларға жауап жазғызады. Сарайға күніне 300-ге дейін хат түсетін көрінеді.

Её величество Елизавета II ответила школьнику из Орска

Патшайым ешқашан дауыс көтеріп сөйлемеген. Ашуланғанда керісінше жымиған. Королева сұқбат бермеген. Атқа отыруды және итпен серуендегенді жанындай жақсы көрген. Бойы 163 см болған. Патшайым тек ашық түсті киім киген, ол британиялық өндірушілердің қолынан шығуы міндетті.

Патшайым ресми кездесулерді негізінен күннің алғашқы жартысында өткізеді. Және олар әдетте 15 минуттан аспайды.

Английскую королеву упрекают за аудиенцию Назарбаеву

Патшайымның салтанатты марапаттарға, елішілік және халықаралық шараларға құрметті қонақ ретінде қатысуы бас­ты қызметтерінің бірі. Ол осы күнге дейін 100-ден астам елге ресми сапар жасаған.

Әдетте аптасына бір рет премьер-министрмен кездесіп, ресми құжаттармен танысады. Ол таққа отырғандағы ел премьері – Уинстон Черчилль болған. Патшайым сондай-ақ Джон Кеннеди мен Индира Гандидің қазасы сынды адамзат тарихындағы ірі оқиғалардың куәсі болған.

Жоғарыда патшайымның көптеген ресми кездесуге қатысатыны айтылды. Олардың бәрі бірдей жоғары мәртебелі монархқа ұнай бермейтін. Кейбір әңгімелесушілер іш пыстырып, жалықтырса, кейбір нәрі аз, суы көп жиындар алтын уақытын құр босқа ысырап етеді. Адам болған соң өзін жайсыз сезініп, көңіл-күйі болмай біреумен сөйлесуге құлықсыздық танытатын кездер де ұшырасады. Ондайда орнынан тұрып, кетіп қалуға мәдениеті, әдебі жібермейді. Онда не істемек керек? Бұндай тығырықтан монарх өзінің қолсөмкесінің көмегімен құпия белгі беру арқылы шыққан.

Почему королева Великобритании постоянно носит с собой сумку?

Құпия код туралы британиялық корольдер отбасы тарихшысы Хьюго Викерс айтқан. Мысалы, егер Елизавета әңгіме үстінде сөмкесін бір қо­лынан екіншісіне ауыс­тыр­са, онда әңгімені до­ғарғысы ке­ле­тіндігін біл­діргені. Бұндайда араға бі­рер минут салып қыз­метшілерінің бірі бірнәрсені сылтауратып патшайымды алып кетеді. Ал монарх сөм­кесін үстел үстіне қойса, таяу уақытта іс-шарадан шыққысы келетінін аңғартқаны. Саусағындағы не­ке са­қи­насын ұстай бас­таса, әңгі­ме­ле­сушіден ғана емес, осы жерден дереу құтқар дегені екен.

Тайные сигналы королевы: как Елизавета II дает знать, что собеседник ей  наскучил

Заң бойынша мо­нарх­қа күйеуінен бас­­қа ешкімнің, еш­қан­дай жағ­дайда сауса­­ғының ұшын да тигізуге болмайды. 66 жылда бұл талапты 4 адам бұзған. Бөтен ойы бол­мағандықтан, олар жауапқа тартыл­маған.

Патшайымның қолын қысып, төс қағыстыру құрметіне Аустра­лияның премьер-министрлері – Пол Китинг пен Джон Говард, кана­далық велошабандоз – Луи Гарно және Барак Обаманың әйелі Мишель Обама ие болған. Сондай-ақ оған қарата бірінші болып сөйлеуге болмайтын. Ол өзі қызығушылық танытып, әңгімелесушісінің кеңінен көсілгенін қаламаса, сұрақтарына "иә", "жоқ" деп қана жауап беру керек.

Британ монархының Букингем сарайының бірінші қабатында жеке банкоматы бар. Оның қызметіне Британиядағы ең беделді банктердің бірі жауапты. Және онда ақша таусылып қалмауы қатаң бақыланады. Негізінде патшайым өзімен бірге ақша алып жүрмеген.. Тек шіркеуге бара жатқанда ғана садақа беру үшін 5-10 фунд қалтасына салып алатын көрінеді.
100-ден астам елде болғанына қарамастан, он­да паспорт болмаған. Ұлыб­ри­танияда төлқұжат пат­шайымның атынан бері­летіндіктен ол оған мұқ­таж емес.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елизавета ІІ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір