• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:43:24
Алматы
+35°
Алдымен әкімшілік артынша қылмыстық кодекстің "жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастырды", "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген екі ауыр бабымен жарты жылдан бері тергеу изоляторында қамауда отырған қоғам белсендісі, тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін хабарлады.
 
Жанболат Мамай абақтыдан жолдаған хатында жарты жылдан бері өзіне қарсы қандай да бір қорқыту, күш көрсету оқиғасы болмағанын, алайда, кеше қастандық жасалмақшы болып жатыр деген хабар алғанын жазады. Айтуынша, қорқыту сәлемдемесі қаңтар оқиғасынан кейін қамалған қылмыс әлемінде есімі белгілі Арман Жұмагелдиевтен келген. Бірақ ол қоқан-лоқы артында билік тұр деп санайды.
 
 
"Маған "Мамай өзі YouTube-те жариялаған бір видео үшін басымен жауап береді" деп жеткізді. Бұл кімнің сәлемі деп сұрағанда, олар өзі де қамауда отырған "Дикий Арман» - Арман Жұмагелдиевтен деп жауап берді. Шынымен-ақ, өзімнің бір сөзімде оны сынағаным бар. Менің ойымша, бұл "сәлемнің" артында, маған қастандық ұйымдастырып жатқан, арнайы қызметтер тұруы әбден мүмкін. Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімі естеріңізде болар? Намысына тиген сөздер айтты-мыс, ешкімге жәбірі жоқ Үтембаев тапсырыс берген болып шықпап па еді? Бәлкім, билік маған қастандық жасап, бар кінәні қылмыс әлемінің беделдісіне арта салмақ та шығар. Өзім алған хабарға қатысты менің ойым осындай. Маған қатысты қандай да бір қастандықтың артында, қашан да, арнайы қызметтер мен Қазақстан билігі тұратын болады деп ашық, ресми түрде мәлімдеймін! Түрмеде ешкіммен өзара кикілжіңім жоқ, ешқашан да жанжалдасқан емеспін" дейді ол.
 
 
Бұған дейін саяси тұтқындар мен Қаңтар оқиғасы құрбандарына қолдау көрсету үшін құрылған қоғамдық "Араша" комитеті  қаңтар оқиғасына қатысты істерді тергейтін ведомствоаралық тергеу-оперативті топ тергеліп жатқандарды Жанболат Мамайға қарсы куәлік беруге мәжбүрлеп жатқаны туралы ақпарат жеткенін хабарлаған. Ал арнайы прокурорлар бұл деректі терістеген.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір