25 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Ағымдағы жылдың 7 шілде мен 19 тамыз аралығында ШҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті өңірдегі білім беру ұйымдарының 2022-2023 оқу жылының басталуына дайындығы туралы мониторинг жүргізіп, қорытындысын Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова айтып өтті.
Мониторинг бойынша облыстың 642 мектебі қамтылды. Мектептердің материалдық-техникалық жағдайы, оның ішінде пәндік кабинеттермен, компьютерлермен, интернетпен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз етілуі, мектептерді санитарлық-гигиеналық жайлы лықпен (жылы дәретханалармен) қамтамасыз етуі, бейнебақылау жүйесінің болуы және жай-күйі, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуі, мектеп құрылысы, оқулықтармен қамтамасыз етуі бойынша мониторинг жүргізіліпті.
«642 мектептің 514-і типтік, 128 – і бейімделген ғимараттарда орналасқан. 1 ауылдық мектебінде жылы ішкі дәретхана жұмыс жасамайды. Мектептердегі интернет жылдамдығы 2-ден 100 Мегабитқа дейін, оның ішінде 319-да-жылдамдығы 4 мегабиттан төмен. Облыстың барлық мектептерінде (100%) жаңа модификациядағы 1 робототехника кабинеті бар. 61 мектепте компьютерлік сыныптар жоқ. Мәселен, 44 141 компьютердің 20% – ы моральдық тұрғыдан ескірген. 3275 интерактивті тақтаның 15% - ы жұмыс істемейді» деді ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова.
Сонымен қатар өңірдегі мектептердегі 461 физика кабинетінің 30%-ы ғана жаңа модификациядан (кабинеттердің 65% - ында зертханалар бар), 409 химия кабинеттерінің 24% жаңа модификациядан (68% кабинетте зертханалар бар), 362 биология кабинетінен - 31,7% жаңа модификациядан (кабинеттің 61% зертханалары бар).
Осылайша, мектептердің 62%-ында ескі модификациялы кабинеттер жұмыс істеуде. Мектептердің тек 87% - ында спорт залдары бар, олардың 43% - ы тиісті инвентарьмен жабдықталған. Ал мектептердің 35% - ында бейнебақылау жүйесі стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, қазіргі уақытта ол мектептерде бейнебақылау жүйелерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. Мектептердің 84% - ында кітапханалар, 60% - ында оқу залдары бар.
Брифинг барысында Мониторинг барысында ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы өңірдегі апатты жағдайдағы білім ошақтарына да тоқталып өтті.
«Облыс бойынша апаттық жағдайдағы және апаттыққа дейінгі жағдайдағы 12 мектеп анықталды. Апатты жағдайдағы 12 мектептің 5-і шатырға, қасбетке, ішкі әрлеуге және спорт залдарына күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді. Ағымдағы жылы облыс бойынша күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі 80 мектеп құрайды, оның ішінде қаржыландыру тек қана 8 мектепке қарастырылған, жалпы сомасы 1 миллиард 153 миллион теңге. Ал ағымдағы жөндеуді қажеттілігі 254 мектеп үшін құрайды, оның ішінде қаржыландыру 97 мектепке жалпы сомасы 1 миллирд 413 миллион теңге қарастырылған» деді Зейнеп Махсутова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір