Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, психикалық белсенді заттарды пайдалану салдарынан "Психикалық мінез-құлықтың бұзылуы" (ПМБ) диагнозымен 107 898 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 6245-і – 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар. Олардың ішінде 46%-ы (2888) есірткі және психотроптық заттарды тұтыну салдарынан есепке алынған.
А.Ғиният негізінен 13-18 жас аралығындағы топқа психикаға белсенді әсер ететін заңсыз заттар оңай қолжетімді екенін, оған жастардың құмарлығы барған сайын артып келе жатқанын атап өтті.
Егер аталмыш жас тобын халық санына қарай қайта есептегенде, 2021 жылы 18-ден 34 жасқа дейінгі 162 мыңнан астам адам жоғары тәуекел аймағында болды және 27 мың адам жаңа психикалық белсенді затқа тәуелді болды деп болжауға болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір