• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 07:58:53
Алматы
-6°

ШҚО-да Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылының 100 жылдығы, даңқты қолбасшы хан батыр Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойына орай дүбірлі дода, айтулы шара өтті.

Ақжардағы Қабанбай саябағында 25 ақшаңқай киіз үй тігіліп, жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтары қазақтың хас батыры Қабанбайдың даңқты жолынан сыр шертетін театрландырған көріністі тамашалап, рухани ләззат алды.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Айтулы шараға ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Сайлаубекұлы арнайы келіп, жиналған жұртшылыққа ақжарма тілегін жеткізді.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

"Баһадүр бабамыз Қарекерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойымен Ақжар ауданының құрылуы қатар келіп, ырысты жер, берекенің мекеніне айналды. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ақжар ауданының кешенді дамыту жоспарына биылғы 1 миллиард теңге бөлінсе, алдағы бес жылда аталған қаржы 5 есеге көбеймек. Сондай-ақ 48 жоба іске асырылып, оған 7,8 миллиард теңге қарастырылды" деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Сайлаубекұлы.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Айтулы іс шара аясында республикалық деңгейде қазақ күресі ұйымдастырылып, еліміздің әр түкпірінен келген, сайдың тасындай іріктелген 36 балуан боз кілемде бақтарын сынауда. Жеңіске жеткен өгіз балуан мен түйе балуанға автокөлікті демеушілер сыйға бермек.

Мәдени және спорттық іс шараның ұйымдастыру комитетінің төрағасы дүбірлі той жайлы өз пікірін білдірді.

"Ақжар ауылында үлкен той. Дарабоз Қабанбай батыр ұлықталып, спорттық әрі мәдени шаралар өтуде. Республикалық аламан бәйге мен көкпар өтпек. Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан автокөлік тарту етіледі. Сонымен қатар батыр баба рухына ас беріліп, Қабанбай Қожағұлұлының 330 жылдық мерейтойына арналған "Бабалар ерлігі ұлтқа мұра, ұрпаққа үлгі" атты ғалымдар, тарихшылар, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ғылыми-теориялық конференция өтті" деді Талғат Мәзібаев.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы айтулы қос мерейтой шарасы "арманы болған азаттық" жазба ақындар мүшәйрасы, гала концерт пен мерекелік от шашу мен қорытындыланбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір