Фото: @egov_info telegram каналы
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінің мейрамханасында ұлының үйлену тойын дүркіретіп атап өткен.
Egov_info telegram каналының мәліметінше, мейрамханада 6 адамға бір сағат қызмет көрсету бағасы 750 мың теңге. Тойға 200-ге жуық адам жиналған.
"Ресторан арендасы тәулігіне 12 млн теңге тұрса, залды безендіруге 27 млн теңге кеткен. Сахна әзірлеуге 1 млн жұмсалған. Әртістердің гонорары бөлек берілген. Тойды белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов басқарған. Оның гонорары кемі 10 мың доллар тұрады, делінген хабарламада.
Тойға келгендер қатарында Нәлібаевтың ағасы, экс-шенеунік Бердібек Сапарбаев та байқалады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір