• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 12:25:51
Алматы
+9°
 

Елде тұтыну несиелерін алу шарттарын қатаңдату ұсынылып отыр. Қаржылық мониторинг агенттігі талқыға шығарған құжатта жоба тұтыну несиесі шамадан тыс көбейіп кетуіне жол бермеу, халықтың қарыз жүктемесін шектеу үшін жасалғаны айтылады.

Ұсынылған құжатқа сай, қарыз жүктемесі коэффицентін барлық дерлік несие түрлері мен микронесиеге енгізу көзделген. Жаңашылдықтың тек қарыз сомасын толық өтейтін жылжымайтын мүлік кепілге қойылған несие түрлеріне, білім саласындағы несиелендіру мен тұрғын-үй жинағы жүйесіне қатысы жоқ.

Қазіргі редакция бойынша банктер қарыз алушының табысы күнкөріс деңгейінен (2022 жылы 37 389 теңге) төмен болса, отбасының кәмелетке толмаған әр мүшесіне күнкөріс деңгейі соммасының жартысы сәйкес келсе, қарыз жүктемесі коэффиценті шекті мәннен асса, несие беруден бас тарта алады.

Жаңа редакцияда қарыз алушы осы жағдайдың біріне сәйкес келсе, банктерге оң шешім қабылдауға тыйым салу ұсынылып отыр.

Құжатты талқылау 24 тамызға дейін жалғасады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: несиелендіру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір