• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

02 Қазан, 12:24:37
Алматы
+9°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғаны туралы хабарлады.

Талдауды агенттіктің, ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізбек.

"Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенетін болады, бұл – ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, [email protected] электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз" делінген антикор ақпаратында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҚТЖ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір