• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:10:41
Алматы
+12°

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова бүгін басталған сот отырысында өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Atpress.kz басылымының мәліметінше, сот отырысында Бақытгүл Хаменованың сыбайласы делінген Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиев "мен делдалдық қызмет қана атқардым" деген.

Бақытгүл Хаменованың адвокаты И.Вранчев қорғауындағы айыпталушының отбасылық жағдайы мен денсаулығының нашар екенін атап өтіп, соттан бұлтартпау шарасын уақытша қамау изоляторынан үй қамаққа ауыстыруды сұрады.

Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы (Аса ірі мөлшерде пара алу) 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір