• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:54:41
+35°

Экс-депутат Бекболат Тілеухан Түркия азаматтығын алуға өтініш бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қадірлі бауырлар! Бұл мәлімдемеге көптеген жанашыр бауырларымның хаттары, олардың жазып жатқан посттары себеп болып отыр. Ақылға сыймайтын нәрсе, нанбайтын шығар деп ойлаған едім. Бірақ менің өзге елдің азаматтығына өтініш берді дегенге ел кәдімгідей сеніп жатыр. Данияр, Олжас, Қуат сияқты бауырларым нанғыш, батыр бауырларым сеніп, әлеуметтік желіге жазба жазғандарын көрген кезде өзім мәлімдеме жасамасам болмайын деп отыр. Қадірлі бауырлар! Мен ешқандай да бөтен елдің азаматтығына өтініш берген жоқпын. Алла Куә! Қазақстанда екі азаматтыққа тыйым салынған. Көк төлқұжаттан айырылатын менің ойым жоқ. Сайқал саясаткерлердің жаласы, бұл кәдімгі жала. Нанбаңыздар! Ulys Media-ны сотқа беремін. Сотқа беретінімді біліп, әртүрлі әрекет жасауы мүмкін ғой. Бірақ, арнайы программалар бар. Аманшылық болса, сотта кездесеміз! Айтайын дегенім, ешқашан ондай өтірікке нанушы болмаңыздар" деп мәлімдеді Бекболат Тілеухан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір