• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:18:10
Алматы
+35°

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Ал ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады. Бұл туралы  Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілген. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда мүмкіндігі артқан.

Бұдан бөлек ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілген. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: білім гранты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір