• USD 476.71

  • EUR 467.03

  • RUB 8.36

  • CNY 67.1

03 Қазан, 18:11:14
Алматы
+14°
Орал қаласында кәсіпкерді пышақтап өлтірді делінген 2 адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 
 
"Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне қайта қаралады. Бұл мәселе Ішкі істер министрінің бақылауында болады" деп хабарлады ІІМ. 

Полиция департаменті болса, күдіктілердің уахабизм немесе басқа деструктивті діни ағымды ұстанатыны, сондай-ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады. 
 
6 тамызда Оралда кәсіпкер 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті екі адам пышақтап өлтіріп кеткен. Марқұм қаладағы "Гульчатай" дәмханасы мен "Махаббат" мейрамханасының қожайыны болғаны хабарланды.
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Орал Кәсіпкер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір