08 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: Мой город порталы
Орал қаласында кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіргендерді іздеуге ұлттық гвардия да қосылды, деп хабарлады Мой город порталы.
"Қылмыскерлерді іздеуге 5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де жұмылдырылды" делінген хабарламада.
Кәсіпкерді 6 тамыз күні сағат 20.00-де өлтіріп кеткен. Оның бірнеше жерінен пышақ сұғылған денесі П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған.
"Күдіктілердің түр-тұлғасы бірден анықталды. Қылмыс бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кафеде үстел басында бизнесмен мен екі ер адам отырады. Араларында жанжал шығып, ер адамның бірі Еркін Мұханғалиевке пышақ сұққылайды. Белгілі болғандай, бизнесмен қылмыскерлерден қашпақ болған, алайда олар қуып жетіп, әрекеттерін көшеде жалғастыған" делінген құзырлы орган хабарламасында.
7 тамызда полиция күдіктілер – 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Турлан Амангелдіге іздеу жариялады.
6 тамыздан бері қалаға кіретін, қаладан шығатын жолдар тексеріліп жатыр. Сондай-ақ полиция күдіктілердің жасырынған жері туралы білетіндер болса, 102 пультіне немесе 98-45-30 номеріне хабарласуды сұрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір