• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:08:54
Алматы
+35°

Түркістан қаласында қаржы пирамидасын құрып, 3000 мыңнан астам тұрғынды алдаған 25 әйелге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады, деп жазады otyrar.kz.

"Олар қаржы пирамидасын құрып, 3 мыңнан астам тұрғынды салымшы ретінде тартқан. Алданған адамдар қаржы пирамидасына 3 млрд теңгеден астам қаражат салған" делінген прокуратура хабарламасында.

Облыстық прокуратура іспен тәжірибелі мамандар айналысып жатқанын айтты. 

"Алданған адамдардың көбісі қаржы пирамидасын онлайн режимде инвестициялаған. Кейін олар алаяқтардың құрбаны болғанын түсінеді. Қазір барлық кінәлілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды"деп мәлімдеді прокуратурадағылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір