• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:51:20
Алматы
+12°

Қытай АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарын халықаралық құқықты бұзып, Тайвань бұғазындағы бейбіт өмірге қауіп төндіреді деп айыптады. Бұл туралы Қытай мемлекеттік кеңес мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван и мәлім етті.

Синьхуа агентігінің жазуынша, қытай шенеунігі Нэнси Пелосидің сапарын салдары жиіркенішті боларлық саяси авантюра деп атап, АҚШ осы арқылы сепаратизмді қолдап, қытай ұлтына қарсы арандату жасап отыр деп санайтынын жеткізген.

"Нэнси Пелосидің сапары АҚШ-тың "Үнді-Тынық мұхиты стратегиясының зиянды әрі қайшылыққа толы қырын танытып, Вашингтон халықаралық ережелерге қатысты екіжүзді, қосстандарт саясат ұстанатынын көрсетті. Оның бұл әрекеті АҚШ саясатын, дипломатиясын, беделін банкротқа ұшыратып, Вашингтон Тайвань бұғасындағы бейбіт өмірдің шырқын бұзушы, аймақтық тұрақтылықты құртушы екенін дәлелдеді" дейді Ван и.

Қытай шенеунігі егер АҚШ әрекетін тойтармаса, онда егемендік пен аумақтық тұтастық туралы қағидаттар жәй ғана қағаз қиындысы болып қалып, көптеген сепаратистік әрі экстремистік күштер жандана түсуі мүмкін екенін айтады.

"Бұл аймақтағы бейбітшілікке орасан залалын тигізеді" дейді ол.

Ван И Қытай елдің негізгі мүдделері мен ұлттық жаңғыру процесіне қауіп төнуіне жол бермейтінін атап өтіп, АҚШ Тайвань оқиғасын өзінің эгоистік жоспарларына пайдалануға тырысып жатқанына қол қусырып қарап отырмайтынын мәлім етті.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір