• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:19:10
Алматы
+12°

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Тайвань аралын Қытай Халық Республикасының ажырамас бір бөлігі ретінде қарайтынын мәлім етті.

"Қазақстан Республикасы "Бір Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды" делінген ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың Тайвань бойынша түсініктемесінде.

Қытай Тайвань аралын өзінің провинциясы деп санайды. Ал Тайвань аралы соңғы бірнеше жылдан бері Қытай құрамынан шығып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болуды сұрап келеді. 

2 тамызда Тайваньға  барған АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси АҚШ-тың "Бір Қытай" саясатына құрметпен қарайтынын, алайда Тайваньдағы бостандық пен қауіпсіздікке басымдық берілуін қолдайтынын айтқан болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір