• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:30:26
Алматы
+35°

Alash.online сайтында педофилдер мен адам зорлаушыларға жазаны күшейту және оларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды тоқтату жөнінде петиция іске қосылды. Петицияны Жеңіс Сейілбек есімді азамат жариялаған. 

"Қазақстанда зорлық-зомбылық оқиғасы жиілеп кетті. Былтырғы Аяжан Еділоваға қатысты іс, биылғы мектептегі кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, Жаркентте 15 жасар қыздың зорлануы назардан тыс қалмауы керек! Мұның бәрі педофилдерге қолданылатын жаза жеңілдігі мен мерзімінен бостандыққа шығуына мүмкіндік беруінің кесірінен болып отыр. Бір рет зорлық-зомбылық жасаған адам екінші рет те сондай қадамға баратыны анық. 5-6 жыл бойы түрмеде жатып, тағы зорлық жасап, түрмеге қайта түскендерді де көріп жүрміз. Мұндай жағдайда ар-намысы тапталған қыздардың жай-күйі не болмақ? Адам құқықтары сенімді қорғалуы керек! Педофилдерді өлім жазасына кесу керек, ал бұл баптар бойынша сотталғандар мерзімінен бұрын босатылмауы керек!", деп жазады петиция авторы. 

Мұндай бастама Жетісу облысы Панфилов ауданы Шолақай елдімекенінде болған қайғылы оқиғадан кейін көтеріліп отыр. Педофил 15 жастағы қызды зорлап, қылмысының ізін жасыру үшін қызды өлтіріп, денесін кескілеп, өртегені белгілі болды. Қазіргі уақытта бұрын екі рет сотталған 38 жастағы жергілікті тұрғын күдікке алынған. Оның үстінен "адам өлтіру", "басқа қылмысты жасыру" және "кәмелетке толмаған адамды зорлау" баптары бойынша іс қозғалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір