• USD 476.01

  • EUR 490.15

  • RUB 7.81

  • CNY 70.64

15 Тамыз, 16:15:07
Алматы
+31°
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанглишев Жайық өзеніне батып кеткен.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, әкім Ортақшыл ауылындағы шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Әкім жалғыз болды ма, әлде жанында біреу болды ма әзірге ол жағы белгісіз.

Шенеуніктің денесі әлі табылған жоқ.

Жанглишев белгісіз жағдайда суға батып кеткені туралы хабар жергілікті төтенше жағдай қызметінің кезекші бөліміне 31 шілде сағат 22.38-те түскен.

Ринат Жанглишев 1982 жылғы 2 желтоқсанда Атырауда дүниеге келген. Былтыр ақпан айында Махамбет ауданына әкім болып тағайындалған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ринат Жанглишев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір