• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:26:08
Алматы
+35°

Сәрсенбі күні Ирактағы шииттік ағым лидері Муктады ас-Садраның жақтастары ел астансы Бағдат қаласында қатаң күзетілетін парламент ғимаратын басып алды, деп жазады BBC

Олар Мұхаммед ас-Суданиді елдің премьер-министрі етіп тағайындау жоспарына наразылық білдіріп отыр. Муктады ас-Садраның жақтастары Мұхаммед ас-суданиді Иранның қолшоқпары деп есептейді.

Иракта 290 күн бойы толыққанды үкімет болмады. Осылайша, Ирак елі өз антирекордын жаңартты. Бұған дейін 2010 жылы 289 күн бойы үкімет жасақталмаған еді. 

Полицейлер көзден жас ағызатын газ бен су атқыш қолданғанына қарамастан, наразы топты тоқтата алмады. Бұл кезде парламент ғимаратында бірде-бір депутат болған жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір