• USD 476.01

  • EUR 490.15

  • RUB 7.81

  • CNY 70.64

15 Тамыз, 15:39:52
Алматы
+31°
КазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры, журналист Әсет Матаев әкесі Сейтқазы Матаев екеуінің толық ақталғаны жөніндегі Жоғарғы сот қаулысын алғанын мәлім етті.
 
Әсет Матаев 19 шілде күнгі соттан оң шешім күтпегенін, бұған дейінгі сот отырысындағы өздеріне қарсы шешімдер олардың үмітін сөндіргенін айтады. Ол әділеттің салтанат құру жолында қарап қалмаған қорғаушылары мен жақтастарына алғыс білдірді.
 
 
"Біздің қорғаушыларымыз Әлімжан Оралбай мен Джохар Утебековке алғысымыз шексіз. Олар біздің іс бойынша 2019 жылдан бері бас прокуратураның және Жоғары соттың қарсылығына дейін жұмыс жасады. 2016 жылдың қаңтарынан 2017 жылға дейін бізбен бірге болған, қаржы полициясына, прокуратураға және соттарға қарсы барлық күрестен өткен Андрей Петров пен Мадина Бакиеваға алғыс білдіреміз. Мені босату үшін соттардың табалдырығын тоздырған қорғаушым Сәуле Жұбаниязоваға алғыс білдіремін. Барлық журналистерге, еліміздің алаңдаушылық танытқан барлық азаматына, туыстарға, достарға, барлығына біздің алғысымыз зор. Халықаралық ұйымдар мен журналистік ұйымдарына да. Істі объективті қараған бас прокуратураға, істің нүктесін қойған Жоғары сот судьяларына да алғыс айтамыз. Әрине, 6 жыл өтті, бұл аз уақыт емес. Десек те әділдік жеңді!" деген ол 2019 жылдан бері ақтап алу бойынша екі рет қадам жасалғанын, үшіншісінде әділдікке қол жеткізгенін атап өтті.
 
 
Әсет матаев қаңтар оқиғасынан кейін ел өзгерді деп санайтынын, мемлекеттің, прокуратураның, құқыққорғау органдарының және соттардың қалауы мен жұмысына көп нәрсе тәуелді екенін айтады.
 
"Елімізде лайықты адамдардың барын бірнеше рет айтқанмын. Қазақстанда оң өзгеріске деген саяси ерік бар деп ойлаймын, одан басқа жол жоқ. Біз Қазақстандағы әділдікке өз үлесімізді қосып келеміз және қоса беретін боламыз. Барлығыңызға зор денсаулық, жарқын көңіл-күй тілеймін! Өз-өздеріңізді дамыта беріңіздер! Барлықтарыңызға қөп рақмет!" дейді ол.

Жоғары сот 19 шілде күні Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімінің күшін жойған.

Матаевтар 2016 жылы сотталған. Қылмыстық іс КазТАГ ақпарат агенттігін тартып алу мақсатымен ұйымдастырылған. Олардың ісін қазақстандық және шетелдік құқыққорғаушылар саяси астары бар деп таныған. Айыптаудың бір тармағы да дәлелденбегеніне қарамастан, сот айыптау үкімін шығарған. Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде-бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмады. Ақталғаннан кейін бұл отбасыға тиесілі тәркіленген дүние-мүліктер түгел қайтарылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Матаевтар ісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір