• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:15:36
+35°

Эстония сыртқы істер министрлігі Еуроодаққа Ресей азаматтарына виза беруді тоқтату туралы арнайы ұсыныс әзірлеп жатыр, деп жазады ERR.ee сайты.

Министр Урмас Рейнсалу ұсыныс Еуроодақ Ресей азаматтарына әдеттегі жағдайда виза беруді тоқтатып, тек гуманитарлық жағдайларды жеке қарастырса деген ауанда болатынын жеткізді. 

"Украинада балаларды өлтіріп жатқанда, Ресей азаматтары батыс шекарадағы Финляндия, Латвия, Литва арқылы жазда жаппай Луврды тамашалап жүргені мораль тұрғысынан дұрыс емес" дейді ол.

Эстония Ресей азаматтарына виза беруді наурыз айында-ақ тоқтатқан. Енді соған дейін Эстония берген шенген визаларын қайтару мәселесінің өзектілігі талқыланбақ.

"Мәселені Финляндия мен Латвия Сыртқы істер министрліктеріне жеткіздім" деген ол ұсынысты Еуроодаққа алдағы апталарда білдіретінін мәлім етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір