• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:18:07
Алматы
+35°

Соңғы айларда ресейлік балық өндіруші компанияларға кемелерін Еуропа порттарында жөндеуден жиі бас тарта бастаған, деп жазады РБК порталы.

Бүкілресейлік балық аулау қауымдастығының президенті Герман Зверевтің айтуынша, соңғы жылдары балық аулаудың көп бөлігін қамтамасыз ететін 400-ге жуық заманауи және тиімді ресейлік кеме шетелдегі зауыттарда жөнделіп келген. Ал ресейлік кәсіпорындарда кеме жөндейтін техникалық мүмкіндік жоқ.

Алайда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін шетелдік порттар Ресей кемелеріне қызмет көрсетуден бас тарта бастаған. 

Қазіргі уақытта Норвегия, Финляндия, Польша және Балтық елдерінде жөндеуден өтіп жүрген Солтүстік және Батыс бассейндерінің кемелері қиындыққа тап болып отыр.

Балық өнімдері санкция акясына кірмейтіндіктен, мұндай әрекеттер шетелдік компаниялардың жеке шешімі екені хабарланды.

Басылым тілдескен мамандардың бірі балық аулаушы кемелерге жыл сайын жөндеу қажет, екенін, кері жағдайда флоттың техникалық жағдайы балық аулаудың төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін ескерткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір