25 Шілде, 2022 NEWS
Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Меккеде кіші қажылық – умра жасады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Президент ерекше құрметке ие болды – ол Қағбаның ішіне кірді. Оның есігі ерекше жағдайларда жоғары меймандарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан көшбасшысына деген құрметінің дәлелі болды" делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 23 шілдеде Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен барған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір