• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:20:39
Алматы
+35°
Алматы облысы Талғар ауданы Дәулет ауылының тұрғындары елдімекенге газ қосып беруді сұрап бармаған жері қалмаған соң мәселелері туралы мини-фильм түсірген. Ауыл тұрғындары 30 жылдан бері мектепсіз, балабақшасыз, жол мен интернетсіз отырғанын айтады.
 
Дәулеттіктер ауылын "ұмытылған, ешкімге керегі жоқ ауыл" деп атайды. Олар жергілікті шенеуніктерден өркениет игіліктеріне қосып беруді өтінеді.

Жергілікті тұрғын Тамара Егізбекқызы "Біз газ қостыра алмай жүргенімізге 20 жылдан асты. 2018 жылдан газ болады деп уәде беріп келе жатыр. Ауылда 5 мыңға жуық адам тұрады.  Бізді ешкім керек етпейді. Қашанғы бұлай жалғаса береді? Біздің биліктің ұяты қашан оянады?" десе, тұрғын Айдар Ниязалиев округке газ үшін, кәріз жүйесіне, жолға, балалар алаңқайына ақша бөлінгені, алайда не себепті игерілмей жатқанын түсінбей дал.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәулет ауылы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір