• USD 470.9

  • EUR 496.94

  • RUB 8.83

  • CNY 70.33

27 Маусым, 11:10:44
Алматы
+25°

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли республикалық "Жылдың ең үздік мемлекеттік қызметшісі – 2022" байқауында жеңімпаз атанды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі хабарлады.

 
"Еліміздің үздік мемлекеттік қызметшілерінің қатарында болу – үлкен құрмет және жауапкершілік. Маған жүктелген ел мен облыс басшылығының сенімін ақтауға тырысамын. Барлық әріптестеріме мерекелеріңіз құтты болсын! Бірлесіп атқарған жұмыс үшін дауыс бергендеріңізге рахмет. Жетісу облысы бізді үлкен жұмыс күтіп тұр" деп пікір білдірді Рустам Али байқаудағы жеңісіне.
 

Алпысбаев Рустам Әлиұлы 1984 жылы қазіргі Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану мамандығы бойынша бакалавр, магистратура, докторантура дәрежелерін тәмәмдаған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы "Деловая неделя" басылымында тілші болып бастаған. Газетте істей жүріп Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер болып қызмет еткен. Әр жылдары "Каспий" журналының Қазақстандағы ресми өкілі, "Деловая неделя" газеті халықаралық бөлімінің редакторы, ҚазҰУ Шығыстану факультетінде оқытушы, "Деловая неделя" басылымы бас редакторының орынбасары, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты Жетісу жастары кәсіпорнының директоры, Жетісу университеті Журналистика кафедрасында оқытушы, Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Жастар саясаты, Ішкі саясат басқармаларының басшысы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылғы 5 мамырда Ескелді ауданының әкімі болып тағайындалған.

Облыстық деңгейде басқарма басшысы болып тұрғанда #TaldyParis, Хан тәңірі, Мұқылай жобалары, Орбұлақ тарихи шайқасының реконструктиялық қойылымы секілді ақпараттық, танымдық, тарихи түрлі жобаларды іске асырған.

20-дан астам ғылыми, 400-ден астам публицистикалық мақаланың авторы.

Қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерін меңгерген.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір