• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:22:58
Алматы
+35°

Украинаның Жоғарғы Радасы ресейлік музакаға тыйым салатын заң шығарды. Енді бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық орындарда ресейлік әуендер қойылмайтын болды, деп жазады currenttime.tv сайты.

Жаңа заңға сәйкес, "агрессор" деп танылған мемлекет азаматының қандай да бір туындысы қоғамдық орындарда насихатталмауы керек. 1991 жылдан бері Ресей азаматтығын алған орындаушылардың әндеріне осындай талап қойылған. Ереже Ресей азаматтығынан шығып, Украина азаматтығын алғандарға қолданылмайды.

Парламент сондай-ақ радиодағы мемлекеттік тілдегі ақпараттық-сараптамалық, ойын-сауық бағдарламаларының үлесін 40%-ға, әндердің үлесін 75%-ға дейін арттыру туралы заң қабылдады.

Сондай-ақ Ресей азаматтығы бар әншілерге (Украинаға жасалған агрессияны айыптайтын және тиісті тізімге енген әншілерден басқа) Украинада гастрольдік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, 19 маусымда Жоғарғы Рада Ресей, Беларусь және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан кітаптар мен басқа да баспа өнімдерін әкелуге және таратуға тыйым салатын заң қабылдаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір