16 Маусым, 2022 NEWS
Фото: nege.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы неге жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтіп жатқанын айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
"Мен құрылтайға келер алдында тұтас елдің атынан ұлы Жошы ханның рухына құран бағыштап, құрбан шалдым. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тарихи қадамның киелі жерден басталуы жақсы ырым. Бәріміз бабаларымыздың аруағы қолдап, ісіміз оңынан болсын тілейміз" деді Тоқаев Ұлытауда ұлттық құрылтай отырысында.
Президент ұлы даланың төрінде тұрған Ұлытау талай тарихи оқиғаның куәсі болғанын атап өтті.
"Ел тағдырын айқындаған көптеген маңызды кеңестер дәл осында өткен. Киелі өлкеде Алтын Орда әміршілері мен қазақ хандарының ізі қалған. Біз ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тапсын деп осы жерге келіп отырмыз" деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір