• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:45:55
Алматы
+35°
Ресейдің экс-премьері Михаил Касьянов Ресей мен Украина арасындағы соғыс екі жылға созылуы мүмкін, ал Ресейдің демократияға қадам басуы мен өзге елдермен қарым-қатынасын дұрыстауына он жыл кетеді деп санайды. Бұл туралы ол Euronews телеарнасына берген сұхбат барысында айтты.
 
Оның сөзінше, "депутинизации" жүргізіп, Ресейге өркениетті әлеммен, әсіресе көрші әрі негізгі серіктесі Еуропа одағымен сенімге құрылған элементтерді қалыптастыруға он жылдай уақыт кетеді.
 
Ол көпшілік сияқты соғыс басталатынына сенбегенін, қазіргі уақытта Путин саяси шындықпен байланысын жоғалтты деп санайтынын атап өтті.
 
Экс-премьер Путин құрған жүйе өзінің қатаңдығы жөнінен Кеңес одағының соңғы кезеңінен де асып түскенін, оның құрған жүйесі заңсыздық пен жауапсыздыққа иек артқан "КГБ" жүйесі екенін айтады.
 
 
Экс-премьер сондай-ақ Украина егер соғыста жеңілсе, келесі нысана Балтық елдері болады деген пікірде.
 
 
Михаил Касьянов Владимир Путин билігі тұсындағы алғашқы премьер-министр. Ол 2000-2004 жылдары министрлер кабинетін басқарып, отставкаға кеткен соң оппозицияға өткен. Маусымның басында өзінің бостандығы мен өмірі үшін алаңдайтынын жеткізіп, Ресейден кетіп қалған.
 
Forbes журналы 2017 жылы Касьяновты заманауи Ресей тарихындағы ең тиімді премьер-министр деп таныған.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украинадағы соғыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір