• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:12:22
Алматы
+35°

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің не себепті кездескенін білмейтінін айтты, деп жазады orda.kz. 

Үкімет кулуарында министр журналистердің Назарбаевтың Ресейге сапары туралы қойған сұрақтарына тұшымды ештеңе айта алмаған. 

 

– Менің кездесу туралы хабарым жоқ. Алайда екі саясаткердің кездесуінен ешқандай әбестік көріп тұрғаным жоқ", – дедіминистр. 

 

СІМ Назарбаевтың Ресейге сапарына жауапты болмаған. 

 

– Алдағы сапар жайлы сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Бұл тікелей тұңғыш президенттің кеңсесі мен Ресей президенті әкімшілігімен келісіледі. Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар", – деді Тлеуберді. 

 

13 маусымда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Елбасы сайты экс-президенттің сапары туралы Назарбаев Путинді Ресей күнімен құттықтады деп қысқа ақпарат таратумен шектелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір