• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:53:36
Алматы
+35°
Әлеуметтік желіде Мәскеуде жүрген суреттері тарап кеткен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені белгілі болды.
 
Елбасы сайты таратқан ақпараттық хабарламада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президентін елдің ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтағаны айтылады.
 
"Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш президенті мен Ресей Федерациясының президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірді" делінген хабарламада.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір