• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:50:43
Алматы
+12°

21 мамырда Шымкентте футбол ойыны кезінде қатты соққан желден стадион шатыры ұшып барып стадион ішіне құлаған. Ұзамай әлеуметтік желіде шымкенттік жанкүйердің үйінді арасынан Қазақстан туын алып шыққан видеосы тараған. Бүгінде видеоның әлеуметтік желідегі қаралымы 2 миллионнан асып, көпшілік беймәлім жанкүйердің кім екенін білгісі келген.

Видеодағы жігіттің аты-жөні Нұркен Намаз екені анықталды. Матч кезінде стадионда мыңға жуық жанкүйер болған. Бір топ шатыр қирандысының астынан Қазақстан туын байқаған. Өрт сөндіруші болып жұмыс істейтін Нұркен Намаз шатыр қалдықтары өзін басып қалу қаупіне қарамастан үйінді астынан Қазақстан туын алып шығады. Ол мұндай қадамға кез келген қазақстандық ойланбастан баруы керек дер санайды. 

– Жел ұшырып шатыр мына жерге келіп құлады. Мына жыртықтар содан қалған. Туды көрген соң алып шығу керек болды. Ту біздің қастерлеген ең маңызды дүниелеріміздің бірі. Бізді осы арқылы таниды. Біз осыны көріп өстік. Ту әрдайым жоғары тұруы керек, – дейді Нұркен Намаз Otyrar сайтына берген сұхбатында.

Шатырдың құлауына байланысты Шымкент полициясы "Сапасыз құрылыс" бабы бойынша соталды тергеуді бастаған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір