• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 19:58:19
Алматы
+35°
Театр, кескіндеме, музыка және әдебиет-халықтың нағыз қазынасы, ол оның мәдени-тарихи өткенін бейнелейді және бүгінін байытады. 21 мамырда Қазақстанның мәдениет және өнер өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.  ШҚО әкімі Даниал Ахметов өз құттықтауында мәдениет және өнер қызметкерлері - біздің мерекемізді, фестивальдер мен байқауларымызды ұйымдастыратын, қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлайтын адамдар екенін атап өтті.
 
"Олардың қызықты идеялары мен қажырлы еңбегінің арқасында аймақ өмірі жарқын және қызыққа толы. Көптеген іс-шараларды өткізуде Шығыс Қазақстан басқа облыстар үшін үлгі болды, біз республикалық және әлемдік деңгейдегі мәдениет қайраткерлерін қабылдаймыз. Музейлердің, кітапханалардың, өнер мектептерінің қызметкерлері, театрлар мен концерттік бірлестіктердің, шығармашылық одақтардың қайраткерлері, мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың мамандары, көркемөнерпаздар ұжымдары және басқалары - бұл біздің рухани және адамгершілік құндылықтарымызды сақтауға және арттыруға көмектесетін адамдар. Біздің аймақ - есімдері бүкіл әлемге танымал болған көрнекті ақындардың, жазушылардың, философтардың, суретшілер мен мүсіншілердің отаны. Мен осы саланың барлық қызметкерлеріне сарқылмас қуат пен шабыт, бақыт, денсаулық, жақсылық пен амандық тілеймін!"- деді аймақ басшысы.

Фото: ШҚО ақпарат орталығы
 
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мәдениет саласындағы аса көрнекті жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы еліміздің бірқатар көрнекті мәдениет қайраткерлеріне берілді. Олардың ішінде шығысқазақстандықтар: "Ертіс концерт" МКҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері Галсанов Александр Валерьевич, Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Утуленова Мапруза Кадешевна, сондай-ақ Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы  РМҚК директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы бар.
Фото: ШҚО ақпарат орталығы
 Фото: ШҚО ақпарат орталығы
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

Айта кетейік, Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013 жылдың қараша айында республика Президентінің Жарлығына сәйкес пайда болды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір