• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:49:04
Алматы
+35°
Ресей Украинаның астанасы Киев маңындағы күштерін кері қайтарғаннан кейін әскерінің басым бөлігін Украинаның шығысына аударды.
 
Украинаның Донбасс деп аталатын ескі өнеркәсіп орталығы үшін шайқас Ресей басқыншылығының тағдырын шешуі мүмкін.
 
Донбасста негізінен орыстілді азаматар тұрады. Ресей өзіне-өзі тәуелсіздік жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларының отаны болған аймақты "азат ету" туралы бірнеше рет айтқан.
 
Аймақты басып алу Мәскеуге оңтүстік жағалауды бойлай Ресей шекарасына дейін құрлықтағы көпір ашуға және 2014 жылы өзі аннексиялап алған Қырым түбегіне су беруді бақылауға мүмкіндік береді.
 
Ресей күштері аймақтағы Украина әскерлерін қоршауға тырысты. Киевтің шайқаста шыңдалған әрі тәжірибелі 40 мыңға жуық сарбазы Донбасста орналасқан. Олар жеңіліп қалса, Украина президенті Владимир Зеленскийдің соғыс әрекетіне айтарлықтай соққы болады.
 
Бірақ соңғы күндері әскери сарапшылар орыс әскерлері Харьков қаласынан Ресей шекарасына қарай шегініп, күш-жігері әлсірегенін айтады.
 
Дереккөз: ВВС
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір