• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:22:34
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский "ресейлік күштер Донбасстың шығыс бөлігін толығымен қиратты" деп мәлімдеді.

Ол Ресейдің шабуылы бағытталған аймақтағы жағдайды сипаттай отырып "ол жер тозаққа айналды, бұл – артық айтқандық емес" дейді.

Луганск облысының губернаторы Сергей Гайдай соңғы 24 сағатта ресейлік шабуылдардан 13 бейбіт тұрғын қаза тапқанын деп мәлімдеді.

Ал АҚШ сенаторлары Украинаға 40 миллиард долларға жуық көмек беру туралы құжатты мақұлдады. Бұл – Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы басталғаннан бергі ең үлкен қолдау пакеті.

АҚШ президенті Джо Байден сондай-ақ Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болу өтініштерін толық қолдайтынын айтты.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон болса, Ресейді "Украинаның астық экспортына қауіпті кедергілер жасады" деп айыптады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Украина

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір