• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:31:31
Алматы
+35°
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық еңбек биржасына жасаған сараптама негізінде бұрғылаушылар мен IT саласының мамандары жоғары жалақы алатыны анықталғанын хабарлады.
 
 
"Сәуір айының қорытындысы бойынша бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженерлер мен IT саласының мамандары (орта есеппен – 1,7 млн теңге), басшылар мен топ-менеджерлер (~1 млн теңге) позицияларына үміткерлер, сондай-ақ басқа да жоғары білікті техникалық мамандар (~800 мың теңге) ең жоғары жалақы алады деп күтіледі. Сонымен қатар жұмыс берушілер ең үлкен жалақыны мемлекеттік және корпоративтік сектор басшыларына (~900 мың теңге), бас құрылысшыларға (~840 мың теңге), маклерлерге (~700 мың теңге), бизнес-талдаушылар мен қосымша әзірлеушілерге (~700 мың теңге) ұсынуға дайын. Ең төменгі жалақы күзетшілерге, жүргізушілерге, мұғалімдерге және т. б. ұсынылады" делінген министрлік ақпаратында.
 
 
2022 жылғы сәуірде Электрондық еңбек биржасында 91,3 мың бос жұмыс орны және 59,5 мың түйіндеме орналастырылған. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 26%-ға, ал өзекті түйіндемелер саны 22%-ға өскен.

"Сұранысқа ие үш мамандықтың қатарына дәстүрлі түрде көлік жүргізушілері (4,6 мың бос жұмыс орны), құрылыс және монтаждау жұмыстарының шеберлері (1,7 мың бос жұмыс орны) және қаптаушылар (1,3 мың бос жұмыс орны) кіреді. Күзетшілерге, жүк тиеушілерге, медицина қызметкерлеріне, тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне де сұраныс жоғары. Өткен айда қосалқы жұмысшылар, біліктілігі жоқ жұмысшылар және елді мекендерді абаттандыру бойынша жұмысшылар арасында жұмыс орны үшін бәсекелестік артты. Саны бойынша көп мамандардың қатарына заңгерлер (535 түйіндемеге), қазандық операторлары (443 түйіндеме), вахтерлер (676 түйіндемеге) және көгалдандыру жөніндегі жұмысшылар (306 түйіндемеге) кірді" делінген таратылған ақпаратта.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жалақы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір