• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:15:01
Алматы
+35°

Украина президенті Владимир Зеленский "Ресей Украинаның азаматтық және әскери инфрақұрылымын ұзақ қашықтықтағы зымырандармен атқылап жатыр, өйткені оның армиясы жердегі бетпе-бет шайқаста айтарлықтай жетістіктер көрсете алмады" дейді.

Кеше түнде жариялаған видеоүндеуінде Зеленский Львов, Сумы және Чернигов облыстарын ресейлік күштер зымыранмен атқыланғанын айтты. Луганск облысында әуе соққылары, шекаралас аудандарда "саботаж әрекеті" болғанын мәлімдеді.

"Мұның бәрі күшімізді сынау үшін де емес. Ресей армиясы еліміздің шығысы мен оңтүстігінде бірқатар сәтсіздіктерге, шығындарға ұшырады, енді соның орнын толтыру үшін осылай істеп жатыр. Олар жалпы алғанда табысқа қол жеткізе алмады. Сондықтан олар зымырандары мен басқа әрекеттері арқылы табысқа жетуге тырысады" дейді Зеленский.

Дереккеөз: ВВС

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір