• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:59:06
Алматы
+35°
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жәрдемақы берілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды.

"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды" делінген министрлік ақпаратында.

Ведомтсво сондай-ақ "Kaspi gold" қосымшасында республикалық бюджеттен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет жүзеге асырылатынын жеткізді.

Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері 116 394 теңгені (38 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 192 969 теңгені (63 АЕК) құрайды.

Сондай-ақ аталған қосымша арқылы азаматтар жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы ресімдей алады. Жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына байланысты сараланады. Осы жылы бірінші балаға ай сайын 17 643 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 20 860 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 24 045 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаға – 27 261 теңге (8,90 АЕК) төленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір