• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:59:11
Алматы
+35°
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XV сессия барысында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мәселесі күн тәртібіне шығарылды.
 
Өңірде медицина қызметкерлері шетелдің белді клиникаларында біліктілігін арттырып, іс-тәжірибемен алмасып қайтқан. Сондай-ақ ауруханалар соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықрмен жабдықталуда.
 
– 290 мың азамат вакциналармен және иммунобиологиялық препараттармен, сирек аурулары бар науқастар дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға өткен жылы 11,2 млрд теңге бөлініп, 2 компьютерлік томограф, 7 рентген-аппараты сатып алынды, аудандық ауруханалардың 12 перзентхана бөлімшелері үшін 502 бірлік жабдық сатып алынды. Өскеменде маммология және гинекология реанимациясы бөлімшесінің операциялық блогы жаңғыртылды, гематология орталығының құрылысы жүргізілуде. Семей қаласының перинаталдық орталығының базасында балаларды оңалту және катамнез орталығын жаңғырту аяқталды, – деді Даниал Ахметов.
 
Сонымен қатар облыста шетелдік жетекші клиникаларда медицина кадрларын оқыту бағдарламасы табысты іске асырылуда. 5 жыл ішінде 5,6 мың медицина қызметкері, оның ішінде 341 дәрігер шетелде оқудан өтті. Олардың ішінде өткен жылы 65 маман Израиль, Польша, Ресей клиникаларында біліктілігін арттырды.
 
Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға 24,2 млрд.теңге жұмсалды.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО денсаулық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір