• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:02:49
Алматы
+35°
ШҚО облыстық мәслихатының кезекті XV сессиясында Мәдениет пен спортты дамыту бағдарламасы талқыланды.
 
Өңір басшысы Даниял Ахметов өткен жылы дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың саны едәуір артқанын жеткізді.
 
– Бұл Көкпекті ауданының Самар ауылында және Алтай ауданының Серебрянск қаласында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Үржар ауданының Қабанбай ауылындағы спорт модулінің пайдалануға берілуімен байланысты. Жалпы облыста 137 спорттық іс-шара өткізіліпті. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі 1000 адамға шаққанда 40,5 пайызға ға жетті. Сонымен қатар мәдениет саласынада ерекше көңіл бөлінуде. Жарма ауданының Әуезов кентіндегі Мәдениет үйі және Ұлан ауданының Бестерек ауылындағы мұражай-археологиялық кешені пайдалануға берілді. 35 мәдениет объектілерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, техника, қажетті жабдықтар сатып алынды, – деді Даниал Ахметов.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: спорт мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір