• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:59:02
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум жаңа Қазақстанның құрылыс процесінде маңызды кезеңге айналады. Бұл туралы Алматыдағы қалалық Достық үйінде өткен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің отырысында айтылды.

Мемлекет басшысы Конституцияға енгізуді ұсынған өзгерістер саяси бәсекелестікті күшейтуге, ел азаматтарына жаңа және тең мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді, – деді модератор, Алматы қаласының Орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ол референдумға қойылған идеяларды президент биылғы жолдауында айтқанын еске салды. Олардың негізінде «әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» қағидатының тезисі жатыр.

Всеволод Лукашевтің пікірін қалалық ұйғыр орталығы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова да қолдады.

– Бүгінде еліміз өз дамуының бірегей кезеңінде тұр. Бұлеліміздің саяси және экономикалық өміріндегі ауқымды жасампаз өзгерістер кезеңі. Біздің міндетімізбұл процесті бірлесіп қолдау, – деп атап өтті Махинур Исраилова.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары Алматы қаласының барлық тұрғындарын бірігуге, азаматтық ұстаным танытуға және алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір