• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:09:45
Алматы
+35°

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қазақ тілі мен мәдениетіне қызмет етуді көздеген “Біріккен Алаш” (ағылшынша атауы United Alash) қоры құрылды.

Қордың құрушысы – ҚХР-ға қарасты Алтайда туып, бірнеше елде білім алған, казір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Coldwell Banker American Homes компаниясында жұмыс істейтін қандасымыз Ұланбатыр Бақытханұлы. Ол күллі Алаш мүддесін көксеген ұйым таяуда заңды түрде тіркелгенін айтады. Алайда АҚШ заңдарында талап еткен барлық шарттар бойынша сертификатын алып, қызметін бүгін бастаған.

Мекеме Нью-Йорк штатының Лоң Айланд округіне қарасты Nassau ауданында тіркелген. Дегенмен, заңды өкілеттігі бойынша АҚШ көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жұмыс істей алады.

Бекітілген ережелері мен жарғысына сәйкес, қор қайырымдылық және марапат жұмыстарымен айналыса алады.

Фотода Ұланбатыр Бақытханұлы

Фотода Ұланбатыр Бақытханұлы

– Біз 2019 жылы 11 желтоқсанда Нью-Йорк университетінде өткен АҚШ-тағы Алаш жастарының құрылтайында жасаған топтық зияткерлік баяндамада Америкадан Алашты біріктіретін United Alash деген қор құру жайын көтергенбіз. “Қай қиырда жүрсе де, жүрегі қазақ елі деп соққан азаматтардың басын қосып, бірге жұмыс істесек, Қазақстанымызға арқау болсақ” деген ой еді. Әрине, бастысы кешегі Алаш арыстарының ізін жалғау, ел бақытына қызмет ету болатын. Аллаға шүкір, сол мақсатымызға қадам басып отырмыз”, – деді Ұланбатыр Бақытханұлы.

Бүгін ғана қызметін бастаған қордың құрылтайшылары – Нәзира Байырбек, Сержан Болат және Ұланбатыр Бақытханұлы.

Алып Америкада іргесін қалап, АҚШ заңдары шеңберінде қазақтың ұлы мұратына қызмет етуді көздеген ұйым дүние жүзіндегі барлық белсенді қазақ азаматтармен, белсенді мекемелермен бірлесіп, қазақ тілі мен дәстүрінің, қазақ мәдениеті мен өркениетінің дамуына үлес қоспақ.

Дереккөз: KazUnite сайты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір